2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облысы мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/188 шешімі
(2014.27.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 16 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014.27.02. № 15/224 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 82 201 110 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 48 260 209 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1 768 031 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 846 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 32 166 024 мың теңге;
2) шығындар - 81 491 742 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 4 193 309 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 4 339 888 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 146 579 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1 175 006 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 1 175 006 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 4 658 948 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4 658 948 мың теңге.
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014.27.02. № 15/224 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 2014 жылға қалалар мен аудандардың бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері мына мөлшерде белгіленсін:
1) төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы:
Бейнеу ауданына - 92,2 пайыз;
Қарақия ауданына - 41,5 пайыз;
Маңғыстау ауданына - 70,9 пайыз;